- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды (Фото)
Қызылордада отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ашылды (Фото)
«Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, Сіздер, балалар, бір әулеттің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқор бола біліңдер. Тәуелсіз еліміз барда, сендер ешқандай да қиыншылық көрмейсіңдер. Бастысы аналарыңның айтқанын екі етпей, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазір мұнда қаладағы балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі көшіп келді. Әр коттеджде 7-10 баладан тұрады. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленетін болады, яғни әрбір отбасының өз анасы бар. Балалар ауылын салу, абаттандыру сияқты жұмыстарға бизнестің жауапкершілігі және әріптестік негізінде «Петро-Қазақстан» компаниясы 650 млн. теңге бөлген.
«Жетім» деп жәутеңдетпей, мұндай қамқорлық жасап жатқанына балаларда өз кезегінде алғысын білдірді.
«Балалар үшін жасап жатқан Елбасы қамқорлығына алғысымыз шексіз. Ешқандай сөзге теңеусіз жасалған «Атамекен» ауылында тек балалардың сыңғырлаған күлкісі мен бақытты балалық шақтың куәгері болатынымызға сеніміміз мол. Біздің әрбіріміз елдің мақтан тұтар азаматы болуға, үлгілі тәртібіміз бен сапалы біліміміз арқылы еңбектеріңізді қайтаруға уәде береміз», - деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Наргиз Кашапова.
Сегіз тұрғын үйден тұратын отбасылық үлгідегі балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда облысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі жойылған бірден-бір аймақ болып отыр. Балалар ауылын құрудағы негізгі мақсат балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуін жанұялық жағдайда қалыптастыру.
Айта кетерлігі, балалар ауылындағы әрбір үйге демеушілік, қамқорлық жасау мақсатында мұнай компаниялары мен білім беру ұйымдары бекітілді. Осы орайда олар да құр алақан емес, мереке күні әрбір жеткіншекке өзінің қалауы бойынша сый-сияпаттарын жасады. Облыс әкімі балалар ауылындағы барлық үйде болып, балақайларды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай түрлі концерттік бағдарламаларын қойып, әр үйдің тұрғындары өз өнерлерін көрсетті. Мұндағы әрбір үйдің Үшқоңыр, Ақжайық пен Байқоңыр, Алатау сияқты атаулары бар. Бастысы балалар өте қуанышты.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды