ҚР-да 2015 жылы ет пен ет өнімдерінің экспорты 2,5 есеге өсті – Мамытбеков

1 Маусым, 2015 13:07
Қазақстанда 2015 жылдың 3 айы ішінде 2014 жылмен салыстырғанда ет пен ет өнімдерінің экспорты 2,5 есеге өсті, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде.

«Бізде өткен жылдан бастап сүт және ет саласының экспортының көрсеткіші жақсарды. Сиыр еті 2014 жылы 6 есеге өсті, 615 тоннас экспортталды, 2013 жылы экспорт болмады деп айтуға болады. Импорттың төмендеуі 42,3 пайызда болды. Бұл көрсеткіш осы жылы да сақталды. Егер 2013 жылы 24 мың тонна экспортталса, 2014 жылы ол көрсеткіш 16,8 мың тоннаны құрады. 2015 жылдың 3 айының ішінде ет және ет өнімдерінің экспорты 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Шикізат пен сауда экспорты 4 және 6 есеге көбейді», - деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, мал шаруашылығы, мемлекеттік қолдау шараларын ұйлғайту жұмыстары  оң нәтиже береді.

«Бұл көрсеткіш сақталады деп сенеміз. Оған мал шаруашылығы, мемлекеттік қолдауды ұлғайту шаралары әсер етеді. Біз өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы арасында болған тепе-теңдікті алдық. Бұл егін шаруашылығына оң әсер етеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар