- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев: Статистикалық шолу мәліметтері бойынша, қазақстандық табиғи газ қоры 83 жылға жетеді
Б.Сағынтаев: Статистикалық шолу мәліметтері бойынша, қазақстандық табиғи газ қоры 83 жылға жетеді
«Елімізде газ өндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, оның көлемі қазір 43,2 миллиард текше метрге жетті, геологиялық ресурстарды бағалау бойынша, 4 триллион текше метр болатынын ескерсек, аталған энергия түрінің болашағы зор. Әлемдік энергетиканың жыл сайынғы статистикалық шолулары бойынша, қазақстандық табиғи газ қоры әлі 83 жылға жетеді. Бұл сала бойынша үкіметттің басты күші газ инфрақұрылымын дамыту мен еліміздің оңтүстік өңірлеріне бағытталатын газ тасымалдарын әртараптандыруға бағытталған»,-деді Б.Сағынтаев.
Осыған қарай, Премьер-Министрдың орынбасарының айтуынша, газ саласын 2030 жылдарға дейін дамытудың тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, елді газдандырудың бас кестесі жасалуда, оған сәйкес, 2030 жылы еліміздің газдандыру көлемі 42-ден 56 пайызға дейін артады. «Газбен қамтамасыз етілген «жасыл» елді мекендерінің саны 1050-ден 1600-ге дейін артады. Бұл ретте тұтынылатын газдың көлемі 2014 жылғы 12 миллиард текше метрден, 2030 жылы 18 миллиард текше метрге дейін жететіндігін айта кету керек»,-деді ол.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, аталған көрсеткіштерге инвестиция көлемі 656 миллиард теңге болатын ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі. «Еліміздің оңтүстік өңірлерін үздіксіз газбен қамтамасыз етіп отыру мақсатында өзбек газын Бұқара-Орал және Бейнеу-Бозой-Шымкент арқылы Ресей газына алмастыру көзделіп отыр. Осылайша, Қазақстанның өзбек газына тәуелділігі жойылады»,-деді Б.Сағынтаев.
Индира Кауметова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді