- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық ТЖ департаменті қызметкерлерінің балалары суреттер конкурсына қатысты (Фото)
Астаналық ТЖ департаменті қызметкерлерінің балалары суреттер конкурсына қатысты (Фото)
Іс-шараға Астаналық өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі С.Ж.Тұраров, Департамент қызметкерлері мен олардың отбасылары қатысты.
«Балалар салған суреттерінде отбасы мүшелерін, Елорда мен еліміздің символдарын бейнеледі. Сайысқа 5-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысты. Әр баланың салған суреті ерекше болды. Мысалы, 6 жасар Дилнас табиғатты, үйді, құстар мен ағаштарды бейнелей келе, анасына деген махаббаты жайында айтты. Ал 7 жасар Алма Бас қаламыздың негізгі символдарын бейнелеген болатын», - делінген хабарламада.
Конкурстық комиссия әр түрлі жас мөлшері бойынша жеңімпаздарды анықтады: Шагирова Назерке (5 жас), Спанова Фариза (6 жас), Ескербекова Алма (7 жас), Абужүсіп Дархан (9 жас), Қайрулла Алма (10 жас).
Шара соңында Департаменттің Әйелдер кеңесінің мүшесі Н.Р.Смык белсенді қатысушыларға алғысын білдіріп, балаларға зор денсаулық тілеп, нағыз патриоттар өсіп келе жатқанына сенім білдірді.
Конкурсқа қатысушы барлық балаларға естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу