• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Школьник: Қазақстанда 2031 жылы максималды көлемде мұнай өндіріле бастайды деп күтілуде

В.Школьник: Қазақстанда 2031 жылы максималды көлемде мұнай өндіріле бастайды деп күтілуде

1 Маусым, 2015 11:34
Қазақстанда 2031 жылы максималды көлемде 113 млн тонна мұнай өндіріле бастайды деп күтілуде, деді ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Мәжілістегі Қазақстанның мұнайгаз секторының даму болашағы мен проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда.

«Қашаған кен орнын игеруді және ТШО-ны дамыту бойынша жобаны есепке ала отырып  2031 жылы мұнай өндірудің максималды көлемі - 113 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Содан соң, жайлап төмендеу күтілуде», - деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, Школьник атап өткендей, әлемнің жетекші сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес Каспий маңы ойпаттарында үлкен көлемде көмірсутегі қоры табылуы бек мүмкін.  Болжам бойынша ол 60 млрд тонна мұнай деп бағалануда.

"Сондықтан да біз «Еуразия» жобасын жүзеге асыра бастадық. Көптеген әлемнің жетекші мұнайгаз компаниялары аталмыш жобаға қызығушылық танытып отыр», - деді Школьник.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар