• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет Қарашығанақтағы газды өндіру көлемін 2022 жылы арттыруды көздеп отыр

Үкімет Қарашығанақтағы газды өндіру көлемін 2022 жылы арттыруды көздеп отыр

1 Маусым, 2015 11:29
Қарашығанақ жобасы кеніштегі өндірілетін газ көлемін ұлғайту мен сұйық көміртегіні қайта өңдеудің жаңа мүмкінідктерін қарастыру 2022 жылға жоспарланып отыр, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту бойынша Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда.

«Кеңейтілген Қарашығанақ аясында Үкімет кеніштегі өндірілетін газ көлемін арттырып, сұйық көміртегілерді қайта өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырмақшы»,-деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда арнайы тұжырымдама жасалып, тиісті зерттеулер жүргізілуде, жобаны іске қосу 2022 жылға жоспарланып отыр.   

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар