- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің егін егу және жинау науқандарын қаржыландыруға 100 млрд теңге бағыттады
«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің егін егу және жинау науқандарын қаржыландыруға 100 млрд теңге бағыттады
Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы түрлі қаржылық құраладар арқылы жүзеге асырылады: бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі Банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасының лизингі және тағы басқа.
«Фермерлердің қаржылық құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылдағыдай Холдинг ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолдануда. Бағдарламада қатысушы банктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскенін – 4-тен 8 дейін атап өткеніміз жөн. Банктер арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 малрд.теңге сомасын құрайды. Бүгінгі күні соманың 99 пайызы игерілді», - делінген хабарламада.
Жалпы бүгінгі күні несиелік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға 63,6 млрд.теңгеге 6 084 АШТӨ өтінімдері мақұлданды, 61,5 млрд.теңге сомасына 2 996 өтінім қаржыландырылды. Егін егу алқабының жалпы көлемі 6,3 млн.га жерді құрайды, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде 8 млрд.теңге сомасына 897 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алуды қаржыландырды. Астық жинау науқанына 8,7 млрд.теңге сомасына 1008 комбайндарды алуға өтінімдер қабылданды, 3,2 млрд.теңге жиынтық сомасына 420 комбайндарға қаржылық лизинг келісім-шарттары жасалды.
Бұдан бөлек астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды.
Ауа райы жағдайының қиындау мүмкіндіктерін ескере отыра аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.
Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» бидай сақтау сыйымдылықтарын арттыру мақстатында астық сақтау қоймадарының құрылысына және модернизациясына өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асыруда.
Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі инвестициялық қоржынында 881 мың тонна астық сақтау бойынша 24 млрд.теңгеге 46 жоба бар екендігін атап өту жөн. Ағымдағы жылы 280 мың тонна астық сақтау қуаттылықтарын іске қосу жоспарлануда.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар