- Басты
- Жаңалықтар
- 2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 9,8 млрд. теңге төленді - ҚР ДСӘДМ
2003 жылдан бері Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 9,8 млрд. теңге төленді - ҚР ДСӘДМ
«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi.
2003 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 2,9 млрд. теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. 2015 жылы аталған мақсаттарға республикалық бюджет қаржысынан 1,8 млн. теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа да әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі АМЖ) 1,07 айлық көрсеткіші көлемінде төленедi (2015 жылы – 2121 теңге).
2005 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 6,9 млрд. теңге сомасында АМЖ төленді. 2015 жылға 923,1 млн. теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырға АМЖ алушылар саны 35 793 адамды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнiн атап өтеді.
ХХ ғасырда Қазақстан территориясында ең ірі ГУЛАГ – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлерінің құрылымдары болды. Республика іс жүзінде үлкен түрме айналды. Қуғын-сүргін жылдарында Қазақстан лагерьлеріне 5 млн. адам жіберілген. Кейбір ақпараттар бойынша, жалпы қамалғандар саны бұл саннан едәуір көп.
1921 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда 100 мың адам қамалды, оның ішінде 25 мыңына ең жоғарғы жазалау шарасы – ату жазасы қолданылған.
1930-1940 жылдарда Қазақстан халқын жаппай депортациялау болған. 1937 жылдың күзінде республикаға мыңдаған көрей, түрік, иран, құрт және әзербайджандар көшірілген. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге немістерді, гректерді, шешендерді, ингуштарды, қарачаевтарды, балғарларды, қырым татарларын және басқа елдерді депортациялаған. Олардың саны 1 млн.200 мыңға теңеледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды