Қазақстан делегациясы ЭСКАТО-ның 71-ші сессиясына қатысты

1 Маусым, 2015 10:37
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Бангкоктағы штаб-пәтерінде өткен 71-ші сессиясына қатысты.

СІМ-нен хабарланғанындай, бұл жолғы сессия «Тұрақты дамудың үш аспектісінің тепе-теңдігі: ықпалдасудан жүзеге асыруға дейін» атты тақырыпқа арналды және ол үздіксіз экономикалық даму, қоршаған орта мен әлеуметтік саланы қорғау және теңдік біршаға бірдей сияқты үш аспектінің ықпалдастығы мен оларды жүзеге асыруды қарастырады.   

Е.Ашықбаев  жиында Мемлекет басшысы ұсынған экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну, индустрияландыру мен экономикалық өсімді әртараптандыру, бірыңғай болашақ  ұлтты дамыту, заң үстемдігіне негізделген ашық, жариялы, есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған 5 институцоналды реформа туралы айтып берді. Сондай-ақ жиналғандар Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатынан да толыққанды хабардар етілді.  

«Қазақстандық делегацияның бастамасымен сессия аясында «Азиялық-Тынық мұхиты өңіріндегі су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту» резолюциясы қабылданды»,-делінген хабарламада.

Жиын барысында қазақстандық делегация өкілдері Тынық мұхиты жағалауы елдерінің бірқатар башыларымен кездесіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту жайын сөз  етті.

Естеріңізге сала кетейік, ЭСКАТО БҰҰ-ның Азиялық-Тынық мұхиты мағңындағы елдердің әлеуметтік-экономикалық өсіуне қолдау көрсетуші ірі өңірлік комиссия. Қазақстан аталған ұйымның құрамына 1992 жылдың 31-шілдесінде кірді.  

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар