- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары – 100 нақты қадам Астанада талқыланды
Ұлт жоспары – 100 нақты қадам Астанада талқыланды
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Қарин, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Е.Бабақұмаров, сондай-ақ аймақ өкілдері, облыстық ішкі саясат, мәдениет, жастар саясаты басқармаларының жетекшілері мен ҚХА аймақтық хатшылықтарының меңгерушілері, ЖОО ректорлары, облыстық БАҚ пен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Форум барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың тетіктері мен міндеттері сөз болды.
Президент әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары Б.Майлыбаевтың сөзінше, әлеуметтік блоктағы министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар қазақстандық қоғам алдында Мемлекет басшысының Ұлт жоспарындағы 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мен нақты мақсаттарға қол жеткізу міндеті тұр. Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, мемлекеттің басты мақсаты – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын Қазақстанда да енгізу болып табылады.
Б.Майлыбаевтың сөзінше, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге бағытталған. 19 қадам – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын жаңғыртудың тиімді шаралары. 50 қадам – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа жоғарытехнологиялы экономикалық өсімді ынталандыру мен адам капиталын дамытуға бағытталған нақты әрі жан-жақты нақтыланған шешімдер. 6 қадам – «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуға, жалпықазақстандық және қоғамдық бірлікті нығайтуы ықтимал жалпы шаралар. 10 қадам қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, «Ашық үкімет» жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен кеңестер берілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы