- Басты
- Жаңалықтар
- Танкі биатлонынан өтетін әлем чемпионатына ҚР ҚК-нен қатысушылар анықталды (ФОТО)
Танкі биатлонынан өтетін әлем чемпионатына ҚР ҚК-нен қатысушылар анықталды (ФОТО)
«Шараның мақсаты ҚР ҚК-нің Құрлықтағы әскерінің ең үздік деген танк экипаждарын анықтап, биылғы жылдың тамыз айында Ресейдің Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк биатлонынан өтетін әлем чемпионатына қатысушыларды іріктеу болатын»,-деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жарысқа «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» аймақтық қолбасшылықтары мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері сияқты құрлық әскерлерінен тұратын 4 командадан ең үздік деген 12 танк экипаждары қатысты. Жарыс жеке жарыс және эстафета сияқты екі түрде екі күн қатарынан жалғасты. Осы екі кезеңнің қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жарыстың нәтижелерін шығарды. Танктер бірінен-соң бірі тіз қатар тұрып, өзара би биледі. Салмағы 40 тонна болатын әскери машиналардың бір мезгілде бірдей қозғалғандағы көрініс пен гүрілдеген дыбыстар ешкімді де бей-жай қалдырмағаны анық.
Нәтижесінде, бірінші орынды Асылбек Мұсұрманқұловтың танк экипажы (10810 ә/б, «Шығыс» ӨҚ) жеңіп алса, екінші орын лейтенант Еламан Әбішевтің экипажына (10810 ә/б, «Шығыс» ӨҚ) бұйырды. Ал, үшінші орынды Қанат Нәбидің танк экипажы (21450 ә/б «Оңтүстік» ӨҚ) місе тұтты. Жеңімпаздар медаль, диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды. Үздік танк экипажына Т-72 маркілі танкінің алтын макеті тапсырылды. Бұған қоса, жарыс қорытындысы бойынша 6 үздік танк экипаждары таңдап алынды. Олардың 4-уі Ресейде өтетін чемпионатқа қатысады.
Айта кететін мәселе, өткен жылғымен салыстырғанда, бұл жол танк экипаждарының біліктілігі мен кәсіби деңгейлерінің айтарлықтай өскендіктері көрініп тұр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы