- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары БҚО «Погодаево» шекара заставасында болды
Сенат депутаттары БҚО «Погодаево» шекара заставасында болды
Шараға Сенат депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жауынгерлері, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қатысты.
Көшпелі отырыс аясында депутаттар қорғаныс өнеркәсібінің құрылымына кіретін «Оралдағы «Зенит» зауыты» АҚ қызметімен танысты. Бұл мекеменің негізгі міндеті еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін шағын кемелер мен кемелер жасау жөніндегі мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ депутаттар «Погодаево» шекара заставасының қызметімен танысып, «Сырым авто» шекара бақылау бөлімінде және 2029 әскери бөлімде болды.
Отырысты аша келіп, комитет төрағасы И.Адырбеков 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң еліміздің мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі екенін атап өтті. «Жаңа заңда белгіленген міндеттер іске асып жатыр, сонымен қатар заңның тиімділігін артыру үшін шешуге тиісті мәселелер де бар», - деді сенатор.
Шекарадағы қазіргі жағдай, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ шешуін талап ететін өзекті мәселелер туралы еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы – Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов жан-жақты баяндады.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.Стексовтың сөз сөйлеп, атқарушы биліктің жергілікті органдарының, шекара қызметінің және басқа да мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылындағы мәселелер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және қазіргі кездегі міндеттерді шешуге арналғанын атап өтті.
Өзекті мәселелерді талқылау барысында депутаттар автомобильдер өтетін бекеттерді көркейтуге (қозғалыс жолақтарын кеңейту, жолды күрделі жөндеу, атап айтқанда «Сырым авто» өткізу бекеті және Батыс Қазақстандағы басқа да өткізу бекеттері) байланысты шекара инфрақұрылымы нысандарына жер телімдерін беру мәселелері шешуді талап ететін атап өтті.
Отырысты қорытындылай келіп, комитет төрағасы И.Адырбеков «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру қарқынын бесеңдетуге болмайтынын, оған қоса айтылған өзекті мәселелер мейлінше шешілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл тек ҰҚК Шекара қызметінің ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың және министрліктер мен басқа да құзыретті органдардың міндеті.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау