- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Жамбыл облысындағы индустриялық инфрақұрылым қалыптастыру және химия өнеркәсібі жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
Сенаторлар Жамбыл облысындағы индустриялық инфрақұрылым қалыптастыру және химия өнеркәсібі жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
Отырысқа Парламент Сенатының депутаттары, инветициялар және даму министрлігі мен Жамбыл облысының басшылығы, өңір активі, Бірлескен химия компанияларының өкілдері, химиялық кәсіпорындардың басшылары мен басқа да мүдделі адамдар қатысты.
Отырысты аша келіп, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында еліміздің экономикалық саясатының негізгі бағыттары белгіленгенін атап өтті. Инфрақұрылымның барлық түрлерін одан әрі дамыту, бұл ретте индустриялық-инновациялық даму аясында химия өнеркәсібін өркендетудің маңызы зор.
«Осыған байланысты, индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында Жамбыл облысы ұлттық химия өнеркәсібінің орталығына айналуы тиіс екенін атап өту қажет», - деді Т.Абайділдин.
Сенатор бұл кездесудің мақсаты облыстағы оң тәжірибемен танысу, сондай-ақ аймақтағы индустриялық-инновациялық қызмет барысында туындаған мәселелерді зерделеу және заңнамалық тұрғыда қолдауды талап ететін мәселелердің шешімін табу екенін айтты.
Қазақстандағы өндірістің барлық салаларында экономикалық дамуында химия өнеркәсібінің рөлін атап өте келіп, Т.Абайділдин химияның жетістіктері машина жасау, автомоблиль құрастыру, әуе кемелерін жасау, энергетика, орман шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы секілді салалардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтынын айтты.
Инвестиция және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы А.Ержанов химия өнеркәсібінің жағдайы мен келешектегі дамуы туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.
Жамбыл облысындағы химия өнеркәсібінің дамуы туралы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы А.Мәдиев егжей-тегжейлі баяндады.
Кездесуде сондай-ақ «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров, «Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС бас директоры Д.Валышев, «Тараз химия паркі» ЕЭА басқармасының төрағасы А.Әбжаппаров, «Қазхиммонтаж Холдинг» АҚ вице-президенті Е.Орынбаев, «Қазазот» ЖШС бас директорының орынбасары Т.Нагуманова сөз сөйледі.
Кездесуді қорытындылай келіп, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Т.Абайділдин бұл талқылау индустриялық инфрақұрылым қалыптастыруға және химия өнеркәсібін дамытуға байланысты кешенді мәселелерді іске асыруда жұмыстың тиімділігін арттыруға қызмет ететінін айтты.
Одан басқа, Химиктер күні қарсаңында аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары М.Сәрсенов, Т.Исаев және Н.Прекешовке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың атынан Парламент Сенатының Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ облыстағы химия саласының кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер болып, онда Сенат депутаттары еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге қатысты көптеген сауалдарға жауап берді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы