• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД Үкімет басшылары комитеті мен ЕҮК мәжілісіне қатысушылар этноауылмен танысты (ФОТО)

ТМД Үкімет басшылары комитеті мен ЕҮК мәжілісіне қатысушылар этноауылмен танысты (ФОТО)

29 Мамыр, 2015 19:11
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық комиссиясының мәжілісіне қатысушылар іс-шараның мәдени бөлігі – этноауылмен танысты.

Қазақ ауылының шағындалған көрінісінде ақ киіз үй, қазақ билері, ұлттық дәстүрлер түріндегі халқымыздың ұлттық ерекшеліктері көрсетілді.

Бұған қоса, қонақтар қазақ халқының тағамдарынан дәм татты.  

Естеріңізге сала кетейік, іс-шаралар Ақмола облысындағы Қазақстанның туризм орталығы Бурабай кентінде өтуде.

Ботагөз Айтжанова

сурет: Азамат Алиев

 

Барлық жаңалықтар