• Басты
  • Қазақстанда 5 жылдың ішінде білімге бөлінген қаражат шамамен 2 есеге өсті – Б.Сапарбаев
29 Мамыр, 2015 18:03

Қазақстанда 5 жылдың ішінде білімге бөлінген қаражат шамамен 2 есеге өсті – Б.Сапарбаев

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар білім ордаларын аралады, деп хабарлады primeminister.kz.

Қазақстанда 5 жылдың ішінде білімге бөлінген қаражат шамамен 2 есеге өсті – Б.Сапарбаев | Strategy2050.kz

Күннің бірінші жартысында Б.Сапарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бос орындар көрмесі-жәрмеңкесін аралап, «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.

Іс-шара қатысушыларына қарата сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылымның дамуына айтарлықтай заңнамалық және қаржылай қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Соңғы 5 жылдың өзінде білімге бөлінген қаражат көлемі шамамен 2 есеге, ал ғылымға бөлінген қаражат 2,5 есеге артқанын айтты. 

Вице-премьер баса айтқандай, индустриаландырудың екінші бесжылдығы аясында 10 ЖОО-ны анықталғанын, солардың негізінде кластерлік тәсілге сәйкес кадрлар даярлау мақсатында ғылымның экономика салаларымен байланысы қамтамасыз етілетінін баса айтты.

«10 базалық ЖОО-ны еліміздің жетекші оқу орындарына айналып, халықаралық жоғары стандарттарға сәйкес болады деген үміттеміз», - деп толықтырды Б.Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ұйымдастырылған «Білім беру интеграциясын дамытудағы - ғылым мен бизнес» атты ғылыми-техникалық көрмені аралады, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушы құрамымен кездесу өткізіп, еліміздегі білім мен ғылымды одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.


Вице-премьер Елбасының «100 нақты қадамында» басты мақсат ретінде оқу бітірген кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және әлеуетті білім беру секторының өсімін атап өткеніне баса назар аударды.

Талқылауды қорытындылаған Б.Сапарбаев ғылыми ортаға үздік мамандарды тартуға ғылым мен ғалымдардың мәртебесін арттыру қажеттігін баса айтты. Ол сондай-ақ инновацияларды, жаңа технологияларды, МЖС принциптерін енгізу бойынша, шетелдік инвестицияларды зерттеулерге, зияткерлік кластерлер құруға тартуға қатысты жұмыстың жеткіліксіздігіне және аймақтармен байланыстың нашарлығына назар аудартты.

Бұдан өзге, вице-премьер «Ғылым Ордасы» ҒЗИ қызметімен танысты. Кәсіпорын ғылым және білім беру, кітапхана ісі, ғылымның түрлі салаларында музейлер құру және дамыту және басқа да салалардағы инновациялық ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жобаларды жасау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Сенбі күні Б.Сапарбаев сондай-ақ Ардагерлер Үйіне, Қалалық паллиативтік көмек орталығына және №124 түзету балабақшасына барады деп жоспарланған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды