- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет ересектер арасында темекі шегуге қатысты жаһандық сауалнама жүргізілді
Қазақстанда алғаш рет ересектер арасында темекі шегуге қатысты жаһандық сауалнама жүргізілді
«Еліміздің денсаулық сақтау саласының алдына темекіні пайдалануға қатысты жағдайда жіті бақылау міндеті қойылған болатын. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, CDC қоры, Ауруларды сауықтыру мен бақылау орталығы ДӘДМ қолдауының арқасында еліміз үшін маңызды болып табылатын темекіні тұтынуға қатысты жаһандық зерттеу жүргізуге мүмкіндік алды»,-деді Ж.Баттақова.
Орталық директорының айтуынша, зерттеу жұмыстары қажетті талаптар негізінде халықаралық стандарттар мен әдіс бойынша жүргізілді. Барлығы 4 мың 425 адам қатысты. Олардың 2 мың 85-і ерлер, 2 мың 340-ы әйелдер. Нәтиже ер және әйел адамдардың іс жүзіндегі санына сәйкес келді, яғни 47,2 де 52,8.
«Сауалнама елдегі темекіні тұтыну жағдайы ересектер арасында 22,4 пайызды құрайтындығын көрсетті, олардың арасында темекіні күнде тұтынатындар 19,1 пайыз, ара-тұра тартатындар 3,3 пайыз. Ересектер өнеркәсіптік өндіріс сигареттерін жиі тұтынады»,-деді Ж.Баттақова.
Айта кететін мәселе, Қазақстанға дейін GATS (Global Adult Tobacco Survey - АА) темекіні тұтыну жағынан ең жоғары тұрған 19 мемлекетте жүргізілді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, күніне әлемде 6 миллион адам темекінің құрбанына айналады. Темекі тартудың салдарынан болатын кісі өлімі ерлер арасында 35 пайызды, әйелдер арасында 12 пайызды құрайды.
Индира Кауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар