- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Д.Медведев ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты талқылады
Н.Назарбаев пен Д.Медведев ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты талқылады
Кездесуде Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының негізгі бағыттары кең ауқымды ынтымақтастық аясында қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанына, оған зор үміт артылып отырғанына назар аударды.
«Тауар айналымының төмендеуінің өзіндік себептері бар. Бұл ретте еркін сауданы дамыту, капиталдар мен еңбек ресурстарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, өзара инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар құру сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда. Осының бәрі уақытында жемісін беретініне сенімдімін. Мемлекетаралық және үкіметаралық сипаттағы қалған мәселелердің бәрі тұрақты байланыстар аясында шешімін табады», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша 770 кәсіпорын құрылғанын, олардың экономика өсіміндегі үлесі 1,5 пайызды құрайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық даму бағдарламасы да қосымша 1 пайыздық өсімді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.
«Осылайша біз рецессияны болдырмай, жаһандық экономикадағы қазіргі қиындықтарға төтеп беру ниетіндеміз. Нарықтық экономикада мұндай өрлеу мен құлдырау ара-тұра болып тұрады. Сондықтан оларды еңсеруді үйрену және даму үшін жұмыс істеуді жалғастыру маңызды», – деді Қазақстан Президенті.
Д.Медведев Президент В.Путиннің сәлемін жеткізді және Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен тағы да құттықтай отырып, Елбасына сайлаудан кейін Ресейге сапарлап келгені үшін алғыс айтты.
Ресей Үкіметінің төрағасы екі елдің мақсаттары Еуразиялық экономикалық одақты дамытумен байланысты екеніне тоқталды.
«Сіз осы идеяның бастауында тұрдыңыз, қазір ол жүзеге асты. Біз оның айтарлықтай қысқа мерзімде жүзеге асқанына қуаныштымыз, өйткені өзге елдер осындай бірлестікке ұзақ жүріп жеткен. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз өте биік деңгейде тұр және тауар айналымының аздап төмендегеніне қарамастан, бірқатар жағымды үрдістер бар. Мәселен, Қазақстанның Ресейге экспорты туралы айтар болсақ, ол соңғы уақыттары 20 пайызға ұлғайды», – деді Д.Медведев.
Ресей Үкіметінің төрағасы Қазақстанда қолға алынған бес институционалдық реформа мақсатының өршілдігі мен үйлесімділігіне назар аударып, оның жүзеге асыру ісіне табыс тіледі.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі