- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары «төзімділік курсын» өтуде (Фото)
«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары «төзімділік курсын» өтуде (Фото)
Бұл – арнайы мақсаттағы жауынгерлердің бағдарламасы емес, бұл - «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына арналған жауынгерлік даярлық элементтері.
Жаттықтыру полигонындағы жауынгерлік дағдыларды әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бойынша бағдарлама шеңберінде пысықтайды. «Батыр арулар» іс жүзінде тек қана керемет дене сымбаттылығын емес, жауынгерлік әзірліктің барлық машығын білетінін дәлелдеуі тиіс.
Жақында ғана өзінің жауынгерлік әзірлігін кіші сержант Мария Власова мен Ботагөз Мұсаева көрсетті. Олардың артынан полигонға өзге де қатысушылар жөнелді.
Олар: қатардағы жауынгер Лунара Баймұхаметова, сержант Әйгерім Қаракүшікова, аға лейтенант Әлия Хайрулина, аға лейтенант Бота Қорабаева, қатардағы жауынгер Айдай Үсенова, қатардағы жауынгер Гүлзада Қамашева. Полигонда ешқандай жеңілдіктер болмайды, нәзік жандыларға арналған нормативтер ерлердікімен тепе-тең.
Тепсе темір үзетіндердің езулерінен күлкі үйірілсе де, жаттықтыру сынақтарына қарап, шынайы қауіп болған жағдайда нәзік жандылар Отанын ұятқа қалдырмайтынын анық білдірді. Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігі «Батыр арулар» әскери қызметші қыз-келіншектер арасындағы байқауды ұйымдастырып, өткізуде. Байқаудың жоспары бойынша жеңімпаздар 2016 жылға арналған мамандандырылған күнтізбенің белгілі бір айының парақтарына сән келтіріп, фотолары басылып шығады. Барлық жеңімпаз жауынгерлік даярлықты өткеннен кейін оларды кәсіби стилисттің әрлеуі мен фотосессия күтеді.
-
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)