- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді
Қазақстанда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді
«Бес жылда қауіпсіздік және еңбекті қорғау шарттарын жақсарту мақсатында 12 мыңдай өндіріс нысандарын жұмыс берушілер аттестациялаудан өткізді, 1,4 мыңнан астам кәсіпорынға қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді», - деді Д. Арғындықов.
Сонымен, статистика бойынша уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2014 жылы тексерілген 1,8 млн жұмысшының 391 мыңы немесе әір бесіншісі зиянды салада жұмыс істейді.
«Жұмысшылардың 41% шулы, 34 % шаң-тозаң, 17 % ауа температурасы қолайсыз жағдайда еңбек етуде», - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, вице-министр түсіндіріп кеткендей, қолайсыз жұмыс істеу жағдайлары үлкен экономикалық шығынға алып келуде.
«2014 жылдың қорытындысы бойынша 700 мыңнан астам жұмысшы өтемақы алған. Бұл мақсатта 96 млрд теңге шамасында қаржы жұмсалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Түрлі қосымша төлемдерді 388 мың адам алса, 333 мың адамға тегін сүт пен тамақ берілді, сондай-ақ, 75 мың адам тегім емдік-профилактикалық аспен қамтамасыз етілді. Ұлттық банктың мәліметі бойыныша 2015 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес зиянды салада жұмыспен қамтылған жандардың есепшотына жұмыс берушілер 32,6 млрд теңге көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы төлемдерін аударды», - деп түсіндірді Арғындықов.
Вице-министр түйіндегендей, кәсіпорындар өтемақы төлеу әдісінен біржолата бас тарту үшін жұмысшыларына қолайлы жағдай жасауы керек, мұндай көзқарасты жоюған жөн.
Индира Кауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады