- Басты
- Жаңалықтар
- ДСӘДМ еңбекті қорғау қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жоспар дайындап жатыр
ДСӘДМ еңбекті қорғау қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жоспар дайындап жатыр
Қазақстан еңбек шарттарын жетілдіру мен өндіріс жарақаттарының алдын алуға бағытталған ХЕҰ-ның (Халықаралық еңбек ұйымы) бірқатар шарттарын ратификациялады.
2014 жылдың соңына таман ХЕҰ-ның «Еңбектің қауіпсіздігі мен тазалығын қалыптастыратын негіздер туралы» № 187 Конвенциясы ратификацияланды. Оның талаптары бойынша, әрбір жұмыс орындарында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу шарттары қамтамасыз етілуі керек. Вице-министрдің айтуынша, аталған Конвенцияны жүзеге асыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әоіптестерімен бірге «Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар» әзірлеуде.
Құжат кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесін енгізуге бағытталған, әлемнің үздік тәжірибелерімен үйлестірілген нормативтік актілер жүйесін құрады. Сондай-ақ ол кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесінің негізі ретінде еңбек шарттарын бағалау жүйесін жетілдіреді. Бүгінгі таңда өнеркәсіп нысандарын еңбек шарттары бойынша аттестациялау жұмыстарымен 170 ұйым айналысады.
«Бұл ретте еңбек шарттарын бағалау жүйесінің әлі де болса жетілдіруді қажет ететіндігін айта кету керек. Аттестация жүргізумен айналысатын көптеген ұйымдардың зиынды өнеркәсіп факторларын анықтайтын зертханалары жоқ және олар мұндай қажеттіліктерді сырттан тартуға мәжбүр, олардың өзі де тиісті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген»,-деп түсіндірді Д.Арғандықов.
Үшінші шарт вице-министрдің сөзінше, еңбекті қорғау саласындағы заман талаптарына жауап беретін ғылыми ифнрақұрылымды дамыту мен осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу болып табылады.
«Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жетілдіру төмендегідей шараларды қажет етеді. Олар: мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі мен мүмкіндіктерін нығайту, аймақтардағы еңбек инспекторларының санын арттыру, қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып, мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктіліктерін жетілдіру мен өзге де шаралар»,-деді Д.Арғандықов.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр