• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның индустриялды қаңқасына 14 млрд доллар бағытталды – Назарбаев

Қазақстанның индустриялды қаңқасына 14 млрд доллар бағытталды – Назарбаев

29 Мамыр, 2015 13:27
Ұлттық қорда сақталған қаржыны осы жылдар арасында қолдана аламыз, индустриялды қаңқаны толық өзгерту үшін қолданылады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД қатысушы елдердің басшыларымен кездесуде.

«Біз экономика өсімінің төмендеуіне қарсымыз. Қиын-қыстау заманда адамдарды жұмыспен қамту үшін өндіріс және тау-металлургия саласын көтеруді ойластырудамыз, себебі ол жерде жұмыс орындары қысқарып, өндіріс көлемі кішіреюде. Оны Қазақстандағы ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар үлесінде жүзеге асырамыз. Ұлттық қорда жиналған қаржыны біз индустриялық қаңқаны толық өзгертуге қолдана аламыз. Сондықтан, жақын арадағы 4 жылда 5 мың км автожол мен әуежайлар, көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстары жүретін болады», - деді Ұлт көшбасшысы.

ҚР Президентінің айтуынша, осы істер үшін 14 млрд доллар бағытталды.

«17 млн халқы бар Қазақстан үшін бұл өте үлкен ақша. Бұл шығынның 30 пайызына : Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Азия банкі мен біз келісіп қойған өзге институттар қатысады», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар