- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтары проблемалары бойынша арнайы баяндама таныстырылды
Алматыда адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтары проблемалары бойынша арнайы баяндама таныстырылды
Аталып өткендей, баяндама Елбасының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алған және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бөлек таралыммен шығарылған.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұсаукесерге қатысушыларға Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлеймен, Д.Қонаев университетінің ректоры Өмірәлі Қопабаев, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының адам саудасымен күрес жөніндегі бағдарламасының Өңірлік үйлестірушісі Бермет Молдабаева ханым құттықтау сөз жолдады.
Өз сөзінде Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Комиссияның таныстырып отырған баяндамасының маңыздылығын атап өтті және адам саудасына қарсы күрес және трафик құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету салаларындағы мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының тетіктерін нығайтуға баса назар аударды.
Комиссия баяндамаларының тұсаукесеріне Қазақстанның бірнеше өңірлерінің ішкі саясат басқармаларының басшылары, Алматы қаласының заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты.
Баяндаманы Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен сарапшылары Тастемір Әбішев, Виталий Воронов, Нұрила Шаханова, Зүлфия Байсақова және Хадиша Абышева таныстырып, тұсаукесердің қатысушылары мен қонақтарының қойған сұрақтарына жауап берді.
«Тұсаукесер барысында баяндамада Қазақстан бекіткен халықаралық келісім-шарттардың нормаларына сәйкес адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің салыстырмалы талдауы, құзырлы мемлекеттік органдар қызметінің бағасы, Конституцияның нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес трафиктің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарының әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін әрі қарай жетілдіру бойынша нақты әрі пәрменді қадамдар қамтылғаны атап өтілді», - делінген хабарламада.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген сарапшылар Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасына жоғары баға беріп, олардың ұсынымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті іс жүзінде жүзеге асыруға кіріскендерін айтып өтті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты