- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс күштерінің офицері бақылаушы ретінде Батыс Сахараға аттанады
ҚР Қорғаныс күштерінің офицері бақылаушы ретінде Батыс Сахараға аттанады
Бітімгершілер күнін біраз уақыттан бері біздің елде де мерекелеуде. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссияларына қатысуда. 2014 жылғы шілдеде Қазақстан Қарулы Күштерінен Батыс Сахараға алғашқы бақылаушы аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазіргі уақытта референдумды өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясына Батыс Сахарада әскери бақылаушылар ретінде «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының 4 офицері қызмет өткеруде. Одан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2 офицері ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап Кот-д,Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде қызмет өткеруде. Қазақстанның бітімгершілік қызметі аясында бүгінгі күні бақылаушылар ретінде ҚР ҚК офицерлерін Гаити, Батыс Сахара, Кот-д,Ивуар және Либерияға (әрбір миссияға 5 әскери қызметшіге дейін) бақылаушылар ретінде жолдау көзделген.
Қазір миссияға аттануға біздің тағы бір офицеріміз капитан Ғабиден Нұрғалиев дайындалуда. 30 мамырда ол Батыс Сахараға сапар шегеді. Ғабиден Нұрғалиевтің қазақстандық бітімгершілік батальонда қызмет тәжірибесі бар. Ол тілдік тестілеуді, жүргізуді сәтті тапсырды, сұхбаттасудан өтті және БҰҰ миссиясына қатысу үшін үздік үміткер ретінде таңдалды. Батыс Сахарада офицер тура бір жыл болады. Қарулы Күштердегі БҰҰ миссияларына қатысу үшін біздің әскери қызметшілерді дайындау мақсатында «Қазбат» бітімгершілік батальоны құрылды.
Бұл халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін арналған бөлімше. Қазақстан көпвекторлық пен теңгерімділіктің қағидаттарын ұстанатынын еске сала кетейік, бұл біздің елімізде жанжалдасқан тараптар арасында сұхбатты реттеуге, шиеленіскен жағдайды тұрақтандыруды, көпдеңгейлік ынтымақтастықты дамытуды ықпал етуге мүмкіндік береді.
Жыл сайын еліміздің әскери қызметшілері ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бітімгершілік контингентімен оқу-жаттығуларға қатысады. Оның барысында бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны дайындау жұмысында және барысында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері басқару органдарының өзара іс-қимылы пысықталады. Бұл іс-шаралар халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып табылады және тұрақтылықты нығайтуға дәнекер болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы