• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК кеңесі ЕАЭО-да бірыңғай қызмет нарығының жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құрды

ЕЭК кеңесі ЕАЭО-да бірыңғай қызмет нарығының жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құрды

29 Мамыр, 2015 12:18
Астанада Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияның тереңнен бойлап дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

ЕЭК кеңесінің мүшелері экономика және қаржы саясаты саласындағы күрделі мәселелерді талқылады.

«ЕЭК кеңесі ЕАЭО-да бірыңғай қызмет нарығының  жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Жұмыс тобының құрамы мен қызметі нақтыланды», - делінген хабарламада.

Жұмыс тобы Экономика және қаржы саясаты алқа мүшесі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен комиссия мүше елдері үшін ұсыныстар дайындайтын болады. Ол Одақ аясында бірыңғай нары қызметін қалыптастыруға бағытталған.

 

Барлық жаңалықтар