- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ТМД Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мәжілісі өтуде
Қазақстанда ТМД Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мәжілісі өтуде
ТМД Үкімет басшыларының мәжілісінде қаржы экономика саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі бірлескен қимылдардың жоспары сөз болады. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағында халықаралық бағыттағы тасымал кезінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын талқылау жоспарлануда.
Бұған қоса, ТМД аясындағы ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20-дан астам жоба құжаттарды қарау жоспарланып отыр.
Үкімет басшылары ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға дейінгі орман шаруашылығы мен орман өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтап, 2020 жылға дейінгі аймақаралық және шекарааралық ынтымақтастықтың Тұжырымдамасын талқылайды және 2014 жылы ТМД-ның бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын ТМД органдарының қаржы шаруашылық қызметіне жүргізілген құжаттамалық-ревизия жұмыстарының нәтижелерін жария етеді.
Бұған қоса, 2020 жылға дейінгі ТМД-ға мүше мемлекеттердің аймақаралық және шекараралық ынтымақтастығының тұжырымдамасы мен оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары талқыланбақ.
Талқылау барысында тараптар өзара сауда мен ЕАЭО-на мүше елдердің тауар айналымын жетілдіру, макроэкономикалық валюталық-қаржы саясаты саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, экспортты қолдау, ЕАЭО-ның кедендік реттеуін жетілдіруге басымдық бермек.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері