- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді медициналық тексеру жалғасуда
ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді медициналық тексеру жалғасуда
«Медициналық тексеру жыл сайын өткізілетін рәсім, оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау. Оның тереңдетілген медициналық тексеру деп аталуы әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы кең түрде тексеріліп, талдау жасалып, флюрография және басқа да дәрігер мамандардың қарауынан өтеді. Жасы үлкен топтағылар үшін электрокардиограммадан өту міндетті болып саналады», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.
«Әскери қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу ауруды болдырмауға және оның алдын алуға бағытталады. Сонымен бірге біз бұрын анықталған аурудың динамикасын бақылап отырамыз» – деді Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медицина басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Әзижан Оразалин
Тексерудің нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда әскери қызметшілерді санаториялық-курорттық емнен өту үшін санаторияларға жібереді. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер тегін санаториялық-курорттық ем алу үшін бірнеше отандық санаториялармен шарт жасасқан.
Биылғы тереңдетілген медициналық тексеру тамыз айында басталды. Алда оны жүргізудің әлі үш кезеңі бар. Алдағы желтоқсан айында әскери дәрігерлер медициналық тексерудің қорытындысын шығарып, әскери қызметшілер денсаулығының мынадай үш топтан тұратын жалпы картинасын жасайды: «толық дені сау», «іш жүзінде дені сау», «ауру-сырқауы бар».
Қазірдің өзінде әскери дәрігерлер тексерудің алғашқы кезеңі бойынша аралық қорытынды шығара алады. Тұтастай алғанда әскери қызметшілердің денсаулығы жақсы. Мұқият медициналық тексеру, қызметке түсу үшін неғұрлым мықты, дендері сау үміткерлерді іріктеу, қызмет процесінде тұрақты медициналық бақылау және қажет болған жағдайда профилактикалық ем жасау қажет етеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу