• Басты
  • 22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады – Б.Макен
19 Наурыз, 2020 11:50

22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады – Б.Макен

22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады – Б.Макен
«Елімізде ТЖЖ негізіне қарай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты халықты барынша хабар ету мақсатында қосымша шектеулер мен профилактикалық, антиэпидемиялық шаралар қабылданды. Мемлекеттік комиссия осы жұмыстарды қамтамасыз етіп жатыр», - деді Б.Макен.

Оның айтуынша, 19-наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі енгізілді.

«Қала периметрі бойынша көліктердің кіріп, шығуана байланысты 6 блок бекет орналастырылды. Ақмола облысында қосымша тағы 1 бекет орнатылды. Қала бойынша барлығы 7 блок-бекет болып отыр. Қала басшылығы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы, ауыл тұрғындарының қозғалыс мәселесін реттейді. Карантин аумағы елді мекендердің аймағына дейін кеңейтілді. Блок бекеттер осы ауылдардың сыртына орналастырылды. 22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады. Тауар таситын көліктер жасыл дәліз арқылы қозғалады. Бірқатар талап күшейтіледі. Арнайы өңірлік жедел штаб күрделі жұмысты атқарып жатыр», - деді Б.Макен.
Аягөз Құрмаш 
Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100