- Басты
- Жаңалықтар
- 22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
Қазіргі уақытта Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 406 қатысушы компания бар. Технопарктің барлық қатысушысы салық жеңілдіктерін алады. Олардың ішінде 230 компания өткен жылы Astana Hub мүшесі болды, деп хабарлады Astana Hub баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қатысушы компаниялардың ішіне 22 халықаралық IT-компания кіреді. Бұл «Qosil Limited» (АҚШ), «Glovo Қазақстан» (Испания), «OpenCTNet» (Эстония), Neutrino Ltd (Сингапур) және басқалары. Eң соңғы қосылған компаниялардың бірі - Stream Capital (Беларусь Республикасы). Компания финтех пен бағдарламалық жасақтамаға маманданған. RBS Soft, ITS Partner, Аloteq және Be Traffic сияқты тағы төрт беларусиялық IT-компания өз құжаттарын тіркеуге дайындап жатыр.
"Салықтық преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. 2021 жыл 1 қантардағы ақпарат бойынша технопарк қатысушыларының кірісі 52,3 млрд теңгені құрады", делінген хабарламада.
Преференциялардың басты мақсаты — технологиялық компаниялардың жобаларын дамытуға арналған қаражатты үнемдеу және қайта инвестициялауға мүмкіндік беру.
Технопарк қатысушылары үшін салықтық жеңілдіктер Қазақстан ішіндегі эксаумақтылық құқығы бойынша беріледі. Басқаша айтқанда, преференцияларды алу үшін Astana Hub немесе қала аумағында болу міндетті емес: Қазақстанның кез келген нүктесінен болсын жұмыс істеуге болады. Бұл шара 2024 жылдың соңына дейін жалғаспақ.
Astana Hub-тың 406 қатысушы компанияларының жартысы Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және т. б. өңірлерінде орналасқан.
Сонымен қатар, үміткер қатысушы өз компаниясын бастапқы талаптарға сәйкестігін тексеріп алуы қажет. Үміткер ретінде филиалдары жоқ заңды тұлға қарастырылады, оған қоса, компания жер ресурстарын пайдаланушы, АЭА қатысушысы және акциздерді төлеуші болмауы тиіс, компания үлесінің 50%-дан астамы мемлекетке немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі болмауы тиіс. Сондай-ақ, ең маңызды критерийлердің бірі — компания кірістерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізіміне сәйкестігі болуы.
"Бұл тізім цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігімен арнайы бекітілген. Оның барлығы 19 түрі бар. Тізім бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен ақпараттық жүйелерді құрудан бастап, бейнеойындарды әзірлеу және блокчейн технологиясына негізделген аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге дейінгі көптеген қызмет түрлерін қамтиды. Толық тізім біздің сайтта көрсетілген", делінген хабарламада.
Astana Hub қатысушысы мәртебесін алу үшін құжаттардың минималды пакетін (құжаттар тізімін Astana Hub веб-порталынан табуға болады) жинап, Astana Hub веб-порталында онлайн тіркелудің қарапайым процессінен өту қажет.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе