- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 1500 адам «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етеді
Павлодар облысында 1500 адам «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етеді
Ақсу, Екібастұз қалаларының Ақтоғай, Железин, Ертіс, Лебяжі, Май, Успен, Шарбақты аудандарының жасақтары екі айдан жұмыс істейтін болады, Баянауыл, Качир, Павлодар аудандарының жасақтары бір ай еңбек етеді, ал Павлодар қаласының жасақтары жазғы маусымда толықтай жұмыс көлемімен қамтылмақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Оған қоса биылғы жылы жаңа жобалар іске асырылады. Бұл Ертіс өзенінің жағалауында жеміс-жидек және сәндік өсімдіктер отырғызумен айналысатын «Терраса «Жастар» жобасы (20 адамнан тұратын жасақ); облыстың шалғай аудандарына концерттік бағдарламалар өткізу үшін Қазақстан халқы ассамблеясының өнерпаз жастарынан құрылған «Ертіс жұлдыздары» жасағы (жасақ 15 адамнан тұрады)», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 200 адамнан тұратын студенттік құрылыс жасақтары «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға атсалысады. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарды салуға қатысады (Павлодар қаласында – 5 нысан, Екібастұз қаласында – 1, Ақсу қаласында – 2). «Жасыл ел» экологиялық жасақтарында 1180 сарбаз облыс қалалары мен аудандарының аумақтарын абаттандыруға тартылатын болады.
Ағымдағы жылы жасақтарды республикалық бюджеттен қаржыландыру 21 млн. теңгені құрайды (2014 жылы – 20 млн. теңге), қалалар мен аудандардың жергілікті бюджетінен 45,9 млн.теңге (2014 жылы – 32,2 млн. теңге), демеушілік қаражат – 7,5 млн. теңге (2014 жылы – 8,6 млн. теңге), жасақтарды қаржыландырудың облыстық сомасы – 53,4 млн. теңге (2014 жылы – 40,3 млн. теңге).
Алайда, 2015 жылы Май, Баянауыл, Павлодар, Шарбақты аудандарында жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Сондай-ақ Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі аудандарында жастарды уақытша жұмыспен қамтуға арналған жұмыс көлемін ұсыну бойынша қиындықтар туындап отыр.
Бүгінгі таңда облыстың 32 кәсіпорны мен мекемесінің 14-і жазғы кезеңге жастарды уақытша жұмысқа алуға әзір.
Еңбек сарбаздары ағымдағы жылғы 20 маусымға дейін жалғасады, ал үшінші еңбек семестрінің салтанатты ашылуы 2015 жылғы 12 маусымға жоспарланып отыр.
Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Д.Тұрғанов қала және аудан әкімдеріне жұмыс берушілермен жастарды еңбек жасақтарына тарту және оларды қажетті еңбек көлемімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды; Баянауыл, Май, Шарбақты және Павлодар аудандарының әкімдері «Жасыл ел» бағдарламасын жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қарастыруды тапсырды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді