- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда қаласының автопаркін 10 жаңа автобус толықтырды
Қызылорда қаласының автопаркін 10 жаңа автобус толықтырды
Жалпы, қалалық автобус паркін жаңалау бұдан бірнеше жыл бұрын басталып кеткен. Ол үшін арнайы «Қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015» жылдарға арналған жобасы жасалып, жұмыс жоспарлы түрде жүрді. Соның арқасында қалаға жаңа автобустар келе бастады.
Ал мына келген он көлік, осыған дейін басталған игі істің жалғасы. Соңғы үлгідегі жаңа қоғамдық көліктер сұранысқа сай. Іші кең әрі жайлы. Сыйымдылығы 72 адамды тасымалдауға дейін жетеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған.
Облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Еуропалық қайта құру даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес биыл аймаққа барлығы 100 автобус әкелінбек. Айта кетейік, былтыр дәл осындай үлгідегі 20 автобус әкелінген болатын. Енді тағы да 10 жаңа автобус келді. Ал қалғаны қыркүйек айына дейін жеткізіледі деп күтілуде.
«Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоба жемісін бере бастады. Былтыр қалалық автобус паркі 30 пайыз жаңа қоғамдық көліктермен толықса, биыл оны 100 пайыз жаңарту көзделіп отыр», – дейді «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ басқарма төрайымы Жанат Самат.
Автобустардың барлығы кешенді техникалық тексеруден өткен. Облыс орталығындағы жолдарда жүруге өте ыңғайлы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады