- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД ҮБК және ЕҮАК отырыстары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД ҮБК және ЕҮАК отырыстары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Беларусь Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен әңгімеде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтасты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ықпалдастық бірлестіктері ауқымындағы өзара іс-қимылдың қырлары талқыланды.
Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мен тереңдетудің кең ауқымды мәселелері қаралды, соның ішінде экономиканың басымдықты салаларындағы нақты жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ, ТМД және ЕАЭО ауқымындағы ықпалдастық үдерістерінің ағымдағы жай-күйі жөнінде пікір алысылды.
Молдова Премьер-Министрі Кирилл Габуричпен кездесуде экономиканың әртүрлі салаларындағы Қазақстан-Молдова қатынастарын жандандыру келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік әріптестікті тереңдету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.
Осы тақырып Қырғызстан Үкіметінің басшысы Темір Сариевпен келіссөздер барысында да жалғастырылды. Әңгімелесушілер экономиканың басымдықты салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жайын талқылады, Қырғызстаннның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты олардың келешегін атап өтті.
Кәрім Мәсімов сондай-ақ ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесу өткізді, оның барысында Достастық қызметінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алысылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы