- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт ашылды
Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт ашылды
Өндіріс орнында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде ашылып жатқан зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды.
«Соңғы екі жылда Сыр елінің ауыл шаруашылығына тартылған қаражат мөлшері 7,7 есеге өсті. Біздің диқандар екі жыл қатарынан бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, күріштің мол өнімін жинады. Бүгінде Сыр маржанының экспорттық әлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалуда. Егін шаруашылығын әртараптандыру үшін өзге де өнімдерді субсидиялауды қолға алдық. 15 мың гектар жерге тамшылатып суару тәсілімен жүгері мен қызанақ егіп, оларды өндеп экспортқа шығару үшін крахмал, томат сығындысы мен шырын өндіру зауыттарын салуға кірістік. Мал шаруашылығына келетін болсақ, биыл біз буферлік аймақтан шығып, өзімізді де етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа да шығара бастауға жол аштық. Осыған орай Жаңақорғанда 7 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорын құрылысын бастап жатырмыз. Осының бәрі өңдеу өнеркәсібінің өсуіне зор мүмкіндік береді», -деді облыс әкімі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айта келіп, жаңа зауытттың іске қосылуымен құттықтады.
«Бүгін Қызылордада Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында екі бірдей зауыттың іске қосылуына куә болдық. Бұл өнеркәсіп орындары аймақтың экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Алда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру керек»,-деді ол.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрама жем өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кәсіпорын басшысы Бақдәулет Мақашев бұл жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын және макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда олардың барлық ғимараттары салынулы тұр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі