• Басты
  • Қазақстан құрама командасы «Қазқұтқару-2015» халықаралық семинар-жиынында жеңіске жетті (Фото)
28 Мамыр, 2015 19:46

Қазақстан құрама командасы «Қазқұтқару-2015» халықаралық семинар-жиынында жеңіске жетті (Фото)

Бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Таулы қала-Астана» оқыту-жаттығу полигонындағы «Қазқұтқару-2015» халықаралық семинар-жиыны аяқталды.

Қазақстан құрама командасы «Қазқұтқару-2015» халықаралық семинар-жиынында жеңіске жетті (Фото) | Strategy2050.kz

10 күнге соылған жарысқа республиканың барлық өңірінен командалар қатысты. Сондай-ақ, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің командалары да қатысты.

Шараның басты мақсаты апаттық-құтқару жұмыстарының біліктілігін енгізу және жетілдіру болып табылады.

«Қазақстан құтқарушылары мен өзге елдердің командалары  семинар-жиында тау-қатпарларда жүзеге асырылатын жаттығуларды пысықтады. Командалардың басты мақсаты «адамқандарды», «қазақ тапқандарды», «жарақаттанғандарды», «қауіпті жүкті» табу болды. Төтенше жағдай туған жағдайда көмек көрсету жайы қарастырылды», - делінген хабарламада.

Халықаралық сайыс бойынша командалық есепте бірінші орынды Қазақстан құрамасы, екінші орынды Беларусь Республикасы, үшінші орынды Қырғыз елі иеленді.

«Қазқұтқару-2015» салтанатты жабылуында ТЖК төрағасының орынбасары генерал-майор Жасұлан Жұмашев қатысушыларға алғыс айтты.

Сайыстың жеңімпаздарына кубоктар мен медальдар, естелік сыйлықтар табысталды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды