- Басты
- Жаңалықтар
- Әуе қорғанысы күштерінің 90-нан астам әскери қызметшісі жауынгерлік дағдыны арттыруда (Фото)
Әуе қорғанысы күштерінің 90-нан астам әскери қызметшісі жауынгерлік дағдыны арттыруда (Фото)
Қазіргі уақытта оқу-жаттығу орталығында бөлімше командирлері, дизельшілер, электр орнатушылар, радиолокациялық станция, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер операторлары әртүрлі мамандықтар бойынша Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің 90-нан астам әскери қызметшісі курстық даярлықтан өтті.
Оқу барысында кіші мамандар өзінің жауынгерлік дағдысы мен кәсібилігін арттырады, сондай-ақ техниканы пайдалану және жұмыс жасауда жаңа тәжірибе жинақтайды. Курстық жиындар кезеңінде курсанттарға жеке құраммен жұмыс жасау кезінде қажет дене даярлығы, жалпы әскери жарғылар, функционалдық міндеттер мен әскери педагогика пәнін білу бойынша сынақ тапсыратын болады.
«Біздің әскери бөлімнің базасында оқу-жаттығу орталығының білікті оқытушылар құрамы қызмет етуде. Олар ұдайы оқу-материалдық базаны жетілдіреді. Сонымен қатар, оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын кең ауқымда енгізе отырып, оқу үдерісін компьютерлендіру дәрежесін арттырады», - деді 44841 ә/б командирі полковник Бауыржан Жиенбаев.
Бос уақытта курсанттар мәдени-тынығу іс-шараларымен айналысады. Шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан спорттық шараларға қатысады. Айта кетейік, оқыту 2015 жылғы мамырдың 12-і мен маусымның 12-і аралығында өтеді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды