- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
Денсаулық сақтау және ілеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, оралмандардың көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер.
Оралмандардың көпшілігі - 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өңірлерге орналасты.
Елге келгендердің жалпы санының 55,6% - еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім, 8,7% - жоғары білім алса, білімі жоқ оралмандар саны - 9,9%.
2015 жылғы 1 тоқсанда елімізге 380 отбасы немесе 1026 этникалық қазақ келіп, оралман мәртебесіне ие болды.
Жаңадан келгендердің көпшілігі Қостанай облысына (233 адам), Жамбыл облысына (199 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына (124 адам), Маңғыстау облысына (159 адам), Ақмола облысына (68 адам), Қарағанды облысына (54 адам) және өзге де өңірлерге орналасты.
Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 Қаулысына сәйкес оралмандарды орналастыратын өңірлер анықталды, ол тізімге Астана және Алматы қалалары кірмейді.
Оралман мәртебесін алғандар «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңында қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.
Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызмет етеді. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, мемлекеттік тілді және қалауларына қарай орыс тілін оқыту, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру сияқты қызметтер көрсетеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты