- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Bala Turkvizyon-2015 халықаралық байқауына іріктеу басталды
Қазақстанда Bala Turkvizyon-2015 халықаралық байқауына іріктеу басталды
«Қордың қызметінің негізгі бағыттарының бірі шығармашыл жастарды қолдау. Біздің барлығымыз да балаларымыздың жетістікке жеткендерін қалаймыз. Bala Turkvizyon-2015 байқауы – өзіңнің дарыныңды әлемге танытудың тамаша жолы. Біз қордың Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балаларына тағы да қолдау көрсететінін мақтан етеміз»,-деді Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов Алматыдағы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«Bala Turkvizyon-2015» байқауына 8 бен 13 жас аралығындағы ұл-қыздар қатыса алады. Ұлттық кезеңнің басты сыйлығы Түркменстанның Мары қаласында күзде өтетін Bala Turkvizyon-2015 Халықаралық балалар ән байқауының гранд-мәресі.
Ұйымдастырушылардың айтуларынша, Қазақстандағы «Bala Turkvizyon-2015» байқауына еліміздің қай аймағында тұратындығына қарамастан кез-келген жас қатыса алады. Әр аймақтан көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 3 дарынды жас анықталады және олар Тұңғыш Президент қорының сыйлығының иегері атанады.
Халықаралық жоба 2015 жылдың 30-мамырында Алматыда салтанатты жағдайда жарияланады, ал 8-маусым мен 1-тамыз аралығында бүкіл Қазақстан бойынша байқауға қатысушыларды іріктеу сайыстары өтеді. Жалпы алғанда, байқау еліміздің барлық аймақтарындағы дарынды жастарды анықтаумен оларға қолдау көрсету арылы түркітілдес елдерді біріктіруді көздейді.
Ботагөз Айтжанова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады