- Басты
- Жаңалықтар
- Алдағы үш жылда Қазақстанда 27 балабақша салынады деп жоспарланып отыр
Алдағы үш жылда Қазақстанда 27 балабақша салынады деп жоспарланып отыр
«Мектепке дейінгі мекемелерде жинақтау жұмыстары даярлық топтары мектепке дайындала бастаған кезде жылына бір рет жүргізіледі. Білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 6 мыңға жуық орын босағалы отыр, осы уақытта орындарды бөлу жұмыстары жүріп жатыр, бұл үдеріс те аяқталуға таяу. Қазір балабақшалардағы жинақтау жұмыстарын электронды портал арқылы жүргізу мәселесі көтеріліп отыр. Жыл бойына Астанада арнайы комиссия жұмыс істейді, оның мүшелері консультациялар мен жинақтау жұмыстарын жүргізеді»,-деді Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина Орталық коммуникациялар қызметінде.
Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаеваның сөзінше, елде балабақшалармен қамту деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен төмен 6 аймақ бар, олар: Алматы, Астана қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстары.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, балбақшалар салуға 10 миллиард теңге бөлінеді. Үш жылдың ішінде 27 балабақша салу көзделуде, олардың басым көпшілігі балабақшамен қамтылу деңгейі төмен аймақтарды бой көтереді. Проблема басқада, Алматы мен Астана халық тығыз орналасқан, ішкі көші-қоні өте мол қалалар. Алматыда құрылыс үшін қажетті жердің жоқтығы мәселе тудырып отыр. «Нұр Отан» жанындағы сарапшылар тобының өкілдеріне біздің тарапымыздан типтік жобаларында балабақшаларды бірнеше қабатты, биік етіп салу мәселесі ұсынылған. Сонда ондағы орындар да көп болады. Қазіргі балабақшаларда ең көп орын 320-ны құрайды»,-деді Мәжіліс депутаты Г.Исімбаева.
Осылайша, депутаттар балабақшалардағы орындар санын Алматы мен Астана 500-ге дейін жеткізуді ұсынып оытр.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады