- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 800-ден астам жас буын өкілі алғашқы әскери-патриоттық жиынға қатысады (Фото)
Қазақстанның 800-ден астам жас буын өкілі алғашқы әскери-патриоттық жиынға қатысады (Фото)
«Шараға еліміздің барлық аймағынан 800-ден астам жас буын өкілі қатысады. Жастар мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін арттыру және дене даярлығы мен спортты насихаттау өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі басым бағыттар болып табылады», - делінген хабарламада.
Жастардың бойында өзінің Отанын қорғауға дайын жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттері қалыптасуы тиіс. Осы мақсатта түңғыш рет Қазақстанда республикалық әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтар, спорттың әскери қолданбалы түрлері бойынша облыстық және қалалық сайыстардың жеңімпаздары, республикалық әскери мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкнет, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі мен «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері қатысады.
Әскери-патриоттық жиынға жас жеткіншектермен қатар қыздар да қатысады. Сайыс бағдарламасына жастардың дене даярлығын айқындайтын негізгі күштік жаттығулар мен спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстар енгізілген. Жарыс бағдарламасына белтемірге тартылу, 100 метрде АК-74-тен оқ ату, пневматикалық винтовкадан ату, газтұмшаны кию, сондай-ақ әскери-медициналық дайындық: бастапқы тануды салу, жаралыны эвакуациялау.
Бұл жарыстар тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын жетілдіру, олардың дене даярлығын және әскери қызметке дайындау үшін моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыру мақсатында өткізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды