- Басты
- Жаңалықтар
- А.Баталов: Халықтың бірлігі мен қоғамның тұрақтылығы арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетті
А.Баталов: Халықтың бірлігі мен қоғамның тұрақтылығы арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетті
«Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді бекемдеуге лайықты үлес қосқаны үшін сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды», - делінген хабарламада.
Мерекелік медаль алғандар қатарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та бар. Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель табыстады.
Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жиынға қатысушыларға фотокөрмелер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылып, фильм көрсетілді.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай өзі басшылық жасап отырған аталмыш институттың жұмысына тоқталып, көлемді баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыс Ассамблеясының аймақтық даму тұжырымдамасы, әлеуметтік жобалар мен байқаулар туралы әңгімеледі.
Мұнан соң І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры, ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Ә.Бектұрғанов, қоғам қайраткері Н.Лушникова, Талдықорған политехникалық колледжінің кафедра меңгерушісі И.Скромный және түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғамдық келісім, татулық пен бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
«Бүгінгі сессия барысында сөйлеушілердің пікірі бір арнаға тоғысуы бекер емес, біздің тілегіміз де, ойымыз да, алдағы мақсатымыз да бір. Ол Тәуелсіздігімізді мәңгілік ету, уақыт озған сайын нығайта түсу.Бізді алда жасампаз істер, ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Елімізде жүзеге асып жатқан оң өзгерістер жарқын болашаққа деген сенімді ұштай түседі.Сан ұрпақ өкілдері мен миллиондаған Отандастарымыз қалыптастырған баға жетпес байлығымызды сақтап қалу үшін, Елбасымыз бес институттық реформаны жүзеге асыруды ұсынды. «Дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену - біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры» - деп, қоғам алдына ел болашағы үшін маңызды міндеттерді жүктеді. Ендігі мақсат - Елбасы ұсынған 100 (жүз) нақты қадам мемлекетімізді нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасауға бір кісідей жұмыла атсалысу», - деді өз сөзінде А.Баталов.
Бұдан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының шешімі және қатысушылардың Үндеуі қабылданды.
Жиын соңы шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді