- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қазыларының VI съез жұмысына республиканың барлық соттарынан 700-ден астам делегат қатысады
Қазақстан қазыларының VI съез жұмысына республиканың барлық соттарынан 700-ден астам делегат қатысады
ҚР-да 2013 жылдың 20 қарашасында Қазақстан қазыларының VI съезі өтеді. Съез жұмысына республиканың барлық соттарынан 700-ден астам делегат қатысады. Сонымен қатар, 20 шетелдік делегаттың келуі де күтілуде. Олар – шет елдердің Жоғарғы сот төрағалары, Еуразиялық сот басшысы мен Халықаралық қазылар қауымдастығының президенті, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
«Қазылар съезі Қазақстан төрешілері Кеңесінің жоғарғы органы болып табылады. Жұмыс барысында қатысушылар судъялар қызметін жетілдіру жайлы ұсыныстарды талқылап қана қоймай, тиімді құқық қорғау мәселесі, ар-намыстың сақталуы, мүлік пен бас бостандығы мәселелерін де талқыға салады», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, ең соңғы форум 2009 жылы жалғасып жатқан толық масштабты сот-құқықтық реформа қамқорлығымен өткен.
«Алда келе жатқан съезде судъялар еліміздің сот жүйесін модернизациялауға қатысты стратегиялық маңызды тақырыптарды қарастыру жоспарлануда. Сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттыру, судъялар статусын нақтылау, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету – біздің алдағы жылдары шешілуі қажет басты мақсаттарымыз», - деді Б. Бекназаров.
Айта кету керек, 2011 жылдан бастап Қазақстан судъялар Кеңесі халықаралық судъялар қауымдастығының толыққанды мүшесі. Аталмыш қауымдастықта 70 ұлттық төреші қауымдастығы бар. Біздің елден басқа, мұнда посткеңестік елдерден Украина, Грузия, Молдова мен Эстония бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі