- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада сәулелік терапия бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр
Астанада сәулелік терапия бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр
Іс-шараға еліміздің барлық бейінді емдеу мекемелерінен сәулелік терапия саласының мамандары қатысуда, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Конференция барысында АҚШ, Швейцария, Латвияның жоғары білікті сарапшылары баяндама жасайды. Сондай-ақ, жұмыс қондырғыларында дозиметриялық жоспарлау бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, түрлі оқшауларда орналасқан ісіктерді сәулелендіруді жоспарлаудың бірнеше клиникалық амалдары қарастырылады. Конференцияға шақырылған дәріскерлер жергілікті мамандармен тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, нақты клиникалық мысалдарды талқылайды.
Конференцияның басты мақсаты – мемлекет сатып алған сәулелік терапияның заманауи жоғары технологиялық қондырғыларын қолдануға республиканың медициналық мамандарын оқытып, үйрету.
Астана, Алматы, Ақтөбе және Семейдің емдеу мекемелеріне сатып алынған жоғары технологиялық желілік үдеткіштер екі өлшемдіден үш өлшемді сәулелік терапияға көшуге, сауығып шығатын онкологиялық науқастар санын арттыруға және көптеген науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді.
Жоғары технологиялық желілік үдеткіштерді қолдану арқасында онкологиялық науқастар үшін ісіктің дәл ошағын барынша сәулелендіруге және айналасындағы басқа органдар мен тіндерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін заманауи емдеу тәсілдері қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 150 мыңнан астам қазақстандық (2013 жылы – 146 мың) онкологиялық есепте тұр. Мұндай науқастар санының артуына обыр дертіне шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау себеп болуда. 17 мыңға жуық адам жыл сайын обырдан қайтыс болады.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау, олардың диагностикасы, емдеу және оңалту шаралары – 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды