- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2015 жылдың нақтыланған бюджеті 387 млрд теңгені құрады
Алматыда 2015 жылдың нақтыланған бюджеті 387 млрд теңгені құрады
Мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасы тұрақты сақталып келеді. Әкім атап өткендей, Алматының 2015-2017 жылдарға қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыруда оң нәтижеге қол жетуде, яғни 4 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша мүмкіндіктері іздестірілуде.
«Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы өңірлер өкономикасының негізгі даму индикаторы - ЖӨӨ 8 трлн. теңгеден асты, өсім қарыны 107,1%. ЖІӨ-де Алматының үлесі бұрынғыдай республика бойынша ең жоғары - 20,7%. Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде еліміз бойынша салық жинауда қаланың үлес салмағы рекордты нүкте - 33%», - деді Ахметжан Есімов.
Негізгі капиталға деген инвестиция көлемі де өскен - 106,1%. Өндіріс көлемі 102,4%-ға өскен, ШОБ саны да артуда, жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 12,7%-ға көбейген. Дағдарысқа қарсы шаралар мен резервтер көздерін іздестіру нәтижесінде 26 млрд. 785 млн. 603 мың теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді, ол мегаполистің әлеуетті бағыттары - денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық- техникалық базаларын нығайтуға; Шаңырак-5, Ақбұлақ, Алғабас ықшам аудандарындағы электр желілерін қайта жасауға; Наурызбай ауданында әлеуметтік және әкімшілік нысандарды салуға; Ян Гейлдің жобасы бойынша қаланың 8 ауданының аумағын жасылдандыруға және басқаларға жұмсалатын болады.
Осылайша, Алматының қалалық мәслихаты қала бюджетін 470 млрд. 844 млн. 679,4 мың теңге көлемінде бекітті. Жалпы, қаланың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 387 млрд. 188 млн. 279,4 мың теңге.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді