Ақордада ҚР Қарулы Күштерін одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды

27 Мамыр, 2015 15:20
Елбасы Қарулы Күштерді одан әрі жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы С.Жасұзақов қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның жауынгерлік әлеуетін нығайту шаралары туралы баяндалды.Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді 

 

Барлық жаңалықтар