- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО дәрігерлік-дене шынықтыру дипансері жаңа оңалту орталығына орналастырылатын болады
ШҚО дәрігерлік-дене шынықтыру дипансері жаңа оңалту орталығына орналастырылатын болады
Баршаға мәлім, Шығыс Қазақстанда хоккей мен футболды дамыту мақсатында кешенді жұмыстар басталды. Сондықтан, аймақта спорт клубтары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің қызметтерін жаңаша ұйымдастыру жағы қарастырылуда. Атқарылған істердің барлығы осы өңірдегі спорттық жетістіктердің жоғарылауына ықпал етуі керек. Соған қарай, спорттық медицинаны да жетілдіру қажет. Бұл міндетті облыс басшысы Даниал Ахметов те жүктеген болатын. Осы міндетте жүзеге асыру үшін спорттық дайындығы мықты дарынды балалардың басын қосатын облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің жұмыс үлгісін өзгерту қажет болып отыр. Ал, жаңа оңалту орталығында диспансер соңғы үлгідегі керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады.
«Нәтижесінде аймақтың кез-келген деңгейдегі спортшысы осында тексеріліп, оның денсаулық жағдайына бақылау жүргізіледі. «Сіздер осы мүмкіндікті пайдалануларыңыз керек. Облыстың барлық спортшылары осы диспансерге тіркелетін болады. Сондықтан, олардың ұдайы дәрігерлік тесеруден өтіп, жаттығу үдерісін бақылап отыру мақсатында жаңа нысанның жұмысын қалай ұйымдастыру қажеттігін ойластыру керек»,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ оның айтуынша, диспансер мамандары аймақтың барлық ауылдар мен елді мекендерді аралап, дарынды спортшыларды жинастыру ісімен де айналысулары керек.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр