- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға заң үстемділігін қамтамасыз ету бойынша реформаны дамытуды жалғастыру керек - сарапшы
Қазақстанға заң үстемділігін қамтамасыз ету бойынша реформаны дамытуды жалғастыру керек - сарапшы
«ҚР Президенті ұсынған 5 институционалды реформа Қазақстанның дамуын өзге мемлекеттерден ерекшелендіреді, әлемде бірде бір мемлекетте мұндай бағдарлама жоқ. Алғашқы «Стратегия 2030» бағдарламасы осының бастауын берді. Соның арқасында Қазақстан өзінің әлемдегі құқықтық орнын анықтады. Осылайша түрлі бағыттарды дамытуға бағытталған 366 бағдарлама жүзеге асырылды. Өз басым, құқықтық үстемдікті қамтамасыз ету жолындағы реформаны атап өтер едім. Сот инстанциясы жүйесін оңтайландыру қадамы кодекстегі кемшіліктерді жоюға септігін тигізер еді», - деді Д. Рахметуллин.
Сарапшы атап өткендей, Қазақстанға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» жаңа заңды қабылдайтын уақыт келді, себебі 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан нормативті-құқықтық акт ескірді.
«Аталмыш саладағы заңжобасы осымен үш жыл бойы ҚР Парламентінде талқыланып келеді. Жалпы, түрлі доктриналарды жасақтаудан бұрын заңды бекіткен жөн», - деп толықтырды Д. Рахметуллин.
Сонымен, «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасы Қазақстанның құқықтық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, ол өз кезегінде мемлекетті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
«Аталмыш қадамдарды жасауда басшылық ететін азаматтар бұл жұмысқа аса үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарауы тиіс», - деп атап өтті ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”