Мұзапарова: ЕАЭО – әлемдік экономиканың маңызды бөлігі

27 Мамыр, 2015 13:41
Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік экономиканың жаңа архитектурасының маңызды құрылымдық элементтерінің бірі болуы мүмкін,-деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты» директорының орынбасары Ләйлә Мұзапарова.

«Бүгінде 2015 жылды саяси, экономикалық қатынастардың жағдайының жаһандық өзгерісі ретінде, кезекті тарихи кезең деуге болады. Әлемдік жүйенің трансформациялауына себеп болып отырған мәселелердің бірі - Еуразия мен оның альянстарының экономикаларының өсуі жағдайында жаңа экономикалық және саяси ықпал ету аймағын қалыптастыруымен байланысты болып отыр»,-деді Л.Мұзапарова.    

Оның сөзінше, осыған байланысты ЕАЭО әдемдік экономиканың маңызды элементі болуы мүмкін. «Осы ретте ЕАЭО әлемдік экономиканың жаңа архитектурасының маңызды құрылымдық элементтерінің бірі болуы ықтимал. Одаққа жаңа екі мемлекет -  Армения мен Қырғызстанның қосылуы да ЕАЭО-ның дамуына қосымша серпін береді»,-деді сарапшы.     

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар