- Басты
- Жаңалықтар
- Пекинде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды
Пекинде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды
Тараптар кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін талқылады.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бұл елге Қытай тарапының шақыруымен қазақстандық діни бірлестіктер өкілдерінен құралған делегацияны бастап келді.
Делегация құрамында «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб муфтий Өтпенов Наурызбай, Жаркент православие шіркеуінің діни қызметшісі Павел Иванов, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католиктік архиепархиясының өкілі Павел Войчех, Астана қаласындағы «Інжілдік-лютеран шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Юрий Новгородов, Алматы қаласындағы «Вон-буддизм» жергілікті діни бірлестігінің төрайымы Лариса Палагина, Астана қаласындағы «Христиандық Новоапостол шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Федор Бурлаков бар.
Қытай тарапы кездесу барысында мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне қызығушылық танытып, жаһандық диалог алаңы ретінде берік орныққан Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің діндер мен мәдениеттер арасындағы әлемдік деңгейдегі өзара түсіністікті нығайту жолындағы біріктіруші мәні мен маңызына жоғары баға берді. Тараптар алдағы уақытта екі жақты мәдени және рухани саладағы ынтымақтастықты дамытуға болашақта мүдделі екендерін білдірді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар