- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында техникалық колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП
Атырау облысында техникалық колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП
ҰКП-ның хабарлауынша, үш жақтың өкілдерінің пікірлерінше, меморандум жас кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарды қарастырады. Мұндай пікірді олар бос жұмыс орындары жермеңкесін өткізу барысында білдірді.
Меморандум талаптары бойынша, кәсіпкерлердің аймақтық палатасына білім беру басқармасына жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді беріп тұру міндеті жүктелді. Ал жұмыс берушілер керісінше, колледждерді бітіріп жатқан жаңа түлектер туралы хабардар етіліп отырады. Палата мамандары сонымен қатар, кадрларды дайындау сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар беріп, дуальды білім беру ісін кеңейту мен түлектерді жұмыспен қамту ісіне қатысулары керек. Мұндай талаптар меморандумға қол қойған өзге де тараптарға қатысты.
"Жас кадрларды, нақтырақ айтқанда кәсіби және техникалық білім беру орындарының түлектерін жұмыспен қамту біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Тәжірибе көрсеткеніндей, жұмыс берушілердің басым бөлігі жас кадрларды оларға тәжірибелерінің жетімсіздігіне, кәсіби біліктіліктерінің төмендігіне байланысты жұмысқа алудан бас тартады. Осы мәселені шешу үшін біз қазір білім беру басқармасымен, білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз",-деді директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Қуанғали Қожантаев.
«Біз бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бірінші жыл қатысып отырған жоқпыз. Алайда біз Атырау облысының білім басқармасымен, кәсіпкерлер палатасымен бірге түлектерді жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойдық. Біздіңше, бұл өте жақсы бастама. Құжатта барлық тараптардың мүдделері ескерілген. Біз меморандумның арқасында штат бірліктерін кәсіби мамандармен толықтырып жастар арасындағы, жұмысссыздық көрсеткіштерін төмендеуге ықпал етеміз деген ойдамын. Біздің кәсіпорында жас кадрларды жұмыспен қамтып, оларды тәжірибеден өткізуге барлық мүмкіндіктер бар, сол себепті біз бұл бағыттағы жұмыстарға белсене атсалысуға дайынбыз»,-деді «Тойота Центр Атырау» компаниясының өкілі Александр Карапетян.
Айта кететін мәселе, биылғы оқу жылында Атырау облысының 25 кәсіби және техникалық оқу орындарын 4 мың 634 түлек тәмәмдайды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 20 өнеркәсіп және құрылыс компаниялары мен банк секторы сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде түрлі мамандықтар бойынша барлығы 500 жұмыс орны ұсынылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары