- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді
Н.Нығматулин: Құжат Қазақстан мен Қытай Көшбасшыларының стратегиялық келісімдерін заң жүзінде қамтамасыз етеді
Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын тарихи құжатқа Пекинде қазақстандық парламент өкілдерінің қытайлық әріптестерімен кездесуі барысында қол қойылды.
Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэцзян екі елдің заңнамалық органдары арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқыға салды.
Тараптар қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Осы жолда мемлекеттер Көшбасшыларының қол жеткізген келісімдері өзара түсіністік пен тату көршілік жағдайында қарқынды және сындарлы даму жолына түскен мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісіне айналғандығына баса назар аударылды.
Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэзцян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұзақ мерзімді құжаттарында көрсетілген мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында парламенттер алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.
Қазақстандық және қытайлық парламентшілердің алдағы бірлескен әрекетке байланысты жоспарлары зор.
Ол қол қойылған келісімге сәйкес, ауқымды мәселелер бойынша әріптестік жөніндегі топтар мен парламенттің салалық комитеттері арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету.
Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин: - Парламент Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасында қол қойылған Меморандум Қазақстан мен Қытай басшыларының стратегиялық келісімдерін заңдық қолдауды қамтамасыз етеді -, деді.
Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян да екі мемлекет басшыларының келісімдерін табысты жүзеге асыру үшін парламентаралық қатынасты нығайтудың маңыздылығы зор екенін атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тарап тиімді сұхбат алаңы ретінде әріптестік жөніндегі парламентаралық комиссия құруды ұсынды.
Бірлескен парламенттік комиссия жиыны келесі жылы Астанада өтеді деп жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды