- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселесі бойынша БАҚ-на арналған Халықаралық семинары басталды
Астанада БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселесі бойынша БАҚ-на арналған Халықаралық семинары басталды
СІМ-нің хабарлауынша, семинардың ашылу рәсімінде БҰҰ Бас хатшысының Коммуникация және қоғамдық ақпарат жөніндегі орынбасары Кристина Гайак, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, Еуразиялық медиафорумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз сөйледі.
Өз сөзінде, Д.Назарбаева бүгінде Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісе түскендігіне назар аударып, осындай жағдайда аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тәуекелге бел буа отырып, онда болып жатқан оқиғалардан қалың көпшілікті хабардар етіп отырғандықтарын айтып өтті. «Жаңа ақпарат алаңдары адамдардың сана сезіміне әсер ете отырып, қоғамдық пікірге жағымды да жағымсыз да әсер қалдыра алады. Бүгін, осы семинардың аясында біз Таяу Шығыстың медиа саласында болып жатқан көптеген оқиғаларды ой елегінен өткізіп, талқылаймыз, біз сондай-ақ ондағы тарихты осы аймақтың өкілдерінің өздерінен естиміз, олар бізге нақты, әрі шындыққа сай ақпараттарды жеткізетін болады»,-деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.
Е.Ыдырысов өз кезегінде Таяу Шығыстың тәуекелі жоғары, Сирия, Ирак, Ливия және Йемен елдері кіретін азаматтық соғыс қаупінің, сондай-ақ барлық мемлекеттерге проблема тудырып отырған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қаупінің алдында тұрғандығын атап өтті. Бұл ретте министр израильдік-палестиналық реттеу бүтіндей алғанда, Таяу Шығысты жағдайды тұрақтандыру аясындағы басты проблемалардың бірі болып отыр, осы ретте халықаралық қауымдастықтың басты міндеті жағдайды реттеуге кедергі келтіріп отырған мәселелерді еңсеруге көмектесу болып табылатындығын атап өтті.
Министр сондай-ақ Қазақстанның Сирия мен Йеменге қатысты шиеленістері бойынша және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты принципті көзқарасы жөнінде баяндады.
К.Гайак Қазақстан өкілдеріне осы семинарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, шараның палестиналық-израильдік шиеленістерді реттеу барысында орын алып отырған қауіптер мен Таяу Шығыстағы оқиғалар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат таратуына байланысты пікір алмастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. К.Гайак сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы шараға қатысушыларға жолдаған жолдауын оқып берді, онда әлемдегі бейбітшілік мәселесіне қатысты принципті көзқарас айқын көрініс тапқан.
Медиа –семинар жұмысына Таяу Шығыс бойынша сарапшылар мен дипломаттар және саясаткерлер, Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олардың арасында БҰҰ Палестиналық тұрақты байқаушысы Рияд Мансұр, Израильдің бұрынғы министрі және Кнесет мүшесі Йоси Бейлина, Reuters, WAFA News Agensy, Al Jazeera, Haaretzи сияқты ақпарат құралдарының редакторлары мен журналистері, Таяу Шығыс, Еуропа және АҚШ мемлекеттерінің қоғамдық ұйымдары мен ғылыми ортасының өкілдері қатысты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар